Халық табысының тең жартысын азық-түлікке жұмсағандықтан, баспанаға жинай алмайды
Халық табысының тең жартысын азық-түлікке жұмсағандықтан, баспанаға жинай алмайды
Фото: Интернеттен алынды
299
оқылды
Ranking.kz сарапшыларының зерттеуінше, қазақстандықтар табысының тең жартысын азық-түлік алуға жұмсайды. Олар жариялаған рейтингіде Қазақстан 104 елдің ішінде 96-орында тұр. Қазақстанның алдында Гондурас, Камбоджа, Гана тұр.
«Қазақстанда азық-түлікке жұмсалатын шығынның үлесі – 44,9 процент. Рейтингтің көш басында АҚШ, Сингапур, Ұлыбритания, Ирландия, Канада, Швейцария, Австралия, Австрия бар. Үздік ондыққа Германия, Нидерланды енген», – дейді сарапшылар.
[caption id="attachment_20616" align="alignnone" width="740"] width= Фото: Интернеттен алынды[/caption] Олардың айтуынша, қазақстандықтар табысының жартысын азық-түлік алуға жұмсайды. Сондықтан жылжымайтын мүлік, қомақты заттар сатып алуға қаржы жинауға мүмкіндігі жоқ.