17 шілде күні Алматыда сынап бағанасы 36 градусқа дейін көтеріледі. Осыған байланысты ТЖД төмендегі қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады:
– күн сәулесі тікелей түсетін жерлерде мүмкіндігінше аз болуға тырысыңыз. Есіңізде болсын, сағат 12.00-ден 16.00-ге дейінгі уақытта күннің сәулесі белсенді болады. Денені күн сәулесінен қорғап, жабық киім киіңіз және күннен қорғайтын жақпалар қолданыңыз;
–ішімдік ішпеңіз – алкоголь ыстықта ағзаға тез әсер етеді және дене жоғары температураға сезімтал болады;
– сұйықты (салқындатылған су, минералды су) мүмкіндігінше көп ішіңіз;
– денеге салмақ түсірмеңіз. Артық жүктеме ыстықта жылу алмасуды арттырады да ағзаны сусыздануға әкеп соқтырады;
– автокөлікпен ұзақ сапарды шектеуіңіз керек. Егер бұл мүмкін болмаса, жолда мүмкіндігінше абай болыңыз. Себебі қатты ыстықтан көңіл күй төмендеп, адам өзін-өзі нашар сезінуі мүмкін және айналаға реакция төмендейді;
–балаларды көліктің ішіне аз уақытқа болса да қалдырмаңыз. Қатты ыстықтан бала есінен танып қалуы мүмкін;
- егер төтенше жағдайға тап болсаңыз және өміріңізге қауіп төнсе, «112», «101» бірыңғай құтқару қызметіне қоңырау шалыңыз (қоңырау шалу тегін).
«Ыстық ауа райы, әсіресе жүрек-қан тамырлары ауруларымен, артериялық гипертензиямен ауыратын адамдар үшін, сондай-ақ инфаркт пен инсульт қаупі бар адамдарға өте қауіпті»,- деп ескертті қалалық Төтенше жағдайлар департаментінен.