Ақтөбе облысы Алға ауданында газ құю бекетінде цистерна жарылды.
Оқиға кеше сағат 18.50-де болды. Облыстық ТЖД-нің мәліметінше, Алға қаласындағы жарылыс болған газ құю бекетіне 26 адам мен 7 техника жіберілді.
«Цистерна жарылған кезде бір жеңіл көлік, көтергіші бар жүк көлігі мен газ құю стансасының әкімшілік ғимараты жанып кетті.
[caption id="attachment_206213" align="alignnone" width="1200"] Фото: ТЖД-нен алынды[/caption]
Өрт сөндірушілер 2 көтергіші бар техника мен екі цистернаны оттан сақтап қалды.
Өрт сағат шамамен 20.02-де сөндірілді. Адамдар жарылыстан зардап шеккен жоқ. Газ құю стансасының үш қызметкері оқиға орнынан қашып үлгерген.
Оттың тұтануына не себеп болғаны әзірге белгісіз. Мамандар өрттің себебін анықтап жатыр.