Елена Рыбакина әлемде ең көп табыс тапқан теннисшілердің қатарына қосылды
Елена Рыбакина әлемде ең көп табыс тапқан теннисшілердің қатарына қосылды
Фото: thesun.co.uk
648
оқылды
Биыл ең көп табыс тауып, қомақты қаржыға ие болған әлемнің ең үздік 16 теннисшісінің рейтингі жарияланды. Бұл туралы Sports.kz жазды. Тасы өрге домалап, табысы молайғандардың тізімінде ер де, әйел де бар. Қазақстанның беткеұстары, Уимблдонда жеңімпаз атанған теннисші Елена Рыбакина рейтингте 7-орында тұр. Оның табысы 3,3 миллион долларға жеткен. Ең табысты 16 теннисшінің тізімі төмендегідей: 1. Ига Свентек – 6,6 миллион. 2. Рафаэль Надаль – 6,4 миллион. 3. Карлос Алькарас – 4,3 миллион. 4. Новак Джокович – 4,2 миллион. 5. Стефанос Циципас – 3,6 миллион. 6. Онс Жабер – 3,4 миллион. 7. Елена Рыбакина – 3,3 миллион. 8. Каспер Рууд – 2,9 миллион 9. Тейлор Фриц – 2,6 миллион 10. Александр Зверев – 2,6 миллион. 11. Даниил Медведев – 2,5 миллион. 12. Эшли Барти – 2,3 миллион. 13. Хуберт Гуркач – 2,1 миллион. 14. Феликс Оже-Альяссим – 2,1 миллион. 15. Андрей Рублев – 2 миллион. 16. Янник Синнер – 2 миллион доллар.