Мотивациялық кітаптар сәнге айналды
Мотивациялық кітаптар сәнге айналды
1,237
оқылды
Мотивациялық кітаптар шы­нымен де жалқау адамды ең­бек­қорға, жігерсізді батыл­ға айналдырып, табысы тө­мен жанды ауқаттылардың қа­та­­рына қоса ала ма? Қуа­ныш Шон­б­айдың «Екінші болма», Ба­қытжан Бұқарбай­дың «Күн­кө­ріс­тен кет, бай­лық­қа жет!», Ұлдана Ерқа­сым­­ның «Қоқыс­тан табылған мил­лионер қыз», Кәмшат Бек­жігітованың «Ойың­­­ды өз­гер­­­тіп, өміріңді өз­­герт», Нази­ла Слямқызының «Қош­ бол, қиындық!», Бағлан Әб­­­дірайы­мов­тың «Ақ пен Қара» сынды кітаптарын біраз оқыр­­ман біледі. Кейбір оқыр­ман олар­ды алып оқыса, тағы бі­реу­­­лер тым құрығанда атын есті­гені анық. Өйткені бұлар әлеу­­мет­тік желілерде таны­мал бол­ған тұлға­лардың ең­бек­­­­т­ері. Әрі бұл кітаптар мо­ти­­­ва­ция бе­ре­тін еңбектер ре­тін­де ата­лып жүр. Қоғам қажеттілігінен туындаған мотивациялық кітаптар белгілі бір уақыт аралығында ғана танымал болып, кейін жоғалып кетуі бек мүм­кін. Оқырман ойы да екі жақты. Бірі кітаптарды жеке тұлғаның ақ­ша табу құралына санаса, енді бірі білімге құштар болу үшін ерек­ше шабыт береді деп санайды.   Мейірбек БЕРДІБАЙҰЛЫ,                                                                                                                            маркетолог, кәсіпкер: – Мотивациялық кітаптар де­ген­де бір нәрсені жақсы түсініп алуы­мыз керек. Кез келген адам өмір сүру деңгейінде біреу дамиды, біреу даму үстінде болса, енді бірі кәсіп ашқысы келеді. Әр кезеңде әртүрлі әсер етеді. Кәсіпте жетіс­тік­ке жеткен бірсыпыра кәсіп­кер­лер­дің 70-80 пайызы мотивациялық кітаптардың қатты әсер еткенін айтады. Алғашқы кезеңде мұндай кітаптар өте қажет, уақыт өте келе басқа кітаптармен орын алмас­ты­руы мүмкін. Мотивациялық кітап­тар шықпау керек, дұрыс емес деген көзқарастардың өзі қате пікірге жетелейді. Кітаптар алдымен ауди­тория таңдайтыны белгілі. Өкініш­ке қарай, қазіргі таңда қазақ тілінде мотивациялық кітаптар өте көп емес. Ең көп сатылған кітап­тар­дың қатарында Қуаныш Шон­бай­­дың «Екінші болма» кітабы тұр. Мәсе­лен, «Екінші болма» кіта­бы қала­лар­да өткізілген семи­нарларда біраз адамның өміріне әсер еткеніне көзіміз жетті. Себебі тілі өте жеңіл, 100 мың данасы сатылғанының өзі бекер емес деп ойлаймын. Ал «Құ­пия» кітабының 30-40 мың данасы шығып, оқырманға жол тартты. «Екінші болма» кітабына қарағанда «Құпия» кітабы сәл баяулау. Өйт­кені ақпараттар өте күрделі болған­дықтан солай болып тұр. Қазақ тілінде кітаптардың саны артқаны жөн. Өйткені жастар жаңа нәрсе­лер жасағысы, бірдеңе өзгерткісі келеді. Әрине, басында сан көбеюі мүмкін, уақыт өте сапаға ауысады. Нарық өзі бәсекелес­тік­тің арқасын­да өзіне қажеттісін таңдап алады. Шетелдік авторлар­дың кітаптары әлемде ау­дарма арқылы жақсы дамып жатыр. Ал бізде аударманың өзі кенжелеп тұр. Сондықтан бұл тұста қазақ ав­тор­­лары кітаптар шығаруда ұтпаса, ұтылмайтыны белгілі. Авторлардың қазақ тіліндегі одан да көп шығар­ма­ларды дүниеге әкелуіне мүмкін­дік берген жөн.   Жауһар ТӨЛЕГЕН,                                                                                                                                                  оқырман: – Отандық өнімдерге аса қатты көңілім толмайды. Себебі «Екінші болма», «Құпия», «Кәсіпкерліктің қыр-сыры», «Жетістікке жетудің 10 қағидасы» сынды кітаптардың бір­сы­пырасын сатып алып оқып шық­тым. Өзгерген ештеңе жоқ, шетел­дік кітаптардың аударма нұсқасы ғана. Ондағы әңгімелер белгілі бір уақытқа ғана әсер етіп кейін жоқ болып кетеді. Түсінгенім қазақ ті­лін­де жарық көріп жатқан моти­вациялық кітаптар авторлар­дың жеке бизнесі секілді.   Алмагүл АЛДАБЕРГЕНОВА,                                                                                                                                  Ұлттық балаларды оңалту орталығының психологы,                                                                                          жоғары санатты кәсіби маман: – Қазіргі таңда мотивациялық кітаптар өте көп. Дегенмен де пси­хо­лог маман ретінде жастарға алаң­дау­шылық білдіретін тұлғалар­дың бірімін. Адамда мотивациялық кітапты оқиын деген құлшыныс болады. Бірақ көп жағдайда іштегі күйзелістеріне байланысты уақыт­ша дем беріп, ойға алған ісіңізге деген құштарлығыңызды арттырып жібергендей сезіледі. Оқып болған­нан кейін іс-әрекетке құлшыныс пайда болады. Белгілі бір уақыт жет­кенде мұндай кітаптар адам­дарды өзін алдауға әкеледі. «Қазір оқып аламын, содан кейін бәрін жаңадан бастаймын» деп өзін-өзі алдайды. Адам кітаптың ол үшін әрекет етпейтінін түсінуі керек. Мәселен, кітапты оқу үшін оқыр­манның алдымен өзінің әрекеті керек қой, кітап сіз үшін бастап кетпейді. Кітаптың стимулы адам­дардың алғашқы әрекет жаса­уы­на итермелеуші. Осы жағынан алып қарар болсақ, пайдалы да тұсы бар. Бірақ бастысы бастап кету емес екенін білуі керек. Кітаптарды оқып қана қоймай, өзім де іс-әре­кет жасауым керек екен ғой деген кезде адамдардың шабыты күрт төмендеп кетеді. Мотивация­лық кітаптарда осындай бір-екі жақты саясат жатыр. Пенде мақсат қоя білуі маңызды. Мақсат – әрекет. Сіз өзіңізге мотивация бере білуіңіз қажет. Кешегі өзіңізден бүгінгі «мен» деген тұлғаңыз биік тұруы керек. Қандай да бір кітапқа иек арту көп жағдайда қате ойға итер­ме­леуі мүмкін.   Олжас ӘБДІҚАЛЫҚ,                                                                                                                                              оқырман: – Соңғы рет Джон Кехоның «Подсознание может всё» кітабын оқып шыққан едім. Нақты дәлел­ден­ген фактілермен жазылған моти­в­ациялық кітаптар адам сана­сы­на өте жақсы әсер етеді. Шын мә­нінде, кез келген адамның қала­ған нәрсесін жасауға мүмкіндігі бар. Ал мұндай кітаптар – асыл қазы­на. Барлық нәрседе адам сана­сын түрлі қауіптен арылтып, қор­қуды сейілтуі қажет. Қазақ «ниетің дұрыс болсын» дейді ғой. Міне, барлық мотивациялық кітаптардың мәні – осы. Ниетте, санада.   Венера АСҚАРҚЫЗЫ