Жұмыс табуға жәрдем
Жұмыс табуға жәрдем
215
оқылды
«AMANAT» партиясы Шардара аудандық филиалының Жол кар­тасы және «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» шеңберінде биыл 2 015 адамды жұмыспен қамтудың белсенді шараларын өткізу жоспарланып отыр. Жарты жылдың ішінде мұндай шараларға 1 078 адам тартылған. Оның ішінде 290 жас, 215 аз қамтылған азамат, сондай-ақ 43 мүмкіндігі шектеулі адам бар. Жұмыс берушілердің өтініміне сәйкес 7 млн 611 мың теңгеге 25 жұмыссыз тұрғынды қысқамерзімді оқытудан өткізу жоспарланған. Кәсіпкерлікті қолдау бойынша 2022 жылы 130 азаматты «Бастау Бизнес» бағдарламасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, 70 азаматқа 400 АЕК көлемінде 61 млн 260 мың теңгеге жаңа бизнес идеяларды іске асы­руға арналған қайтарымсыз мемлекеттік грант беру көз­делген. Бес айда 20 адамға 24 млн 504 мың теңгеге грант табысталды. Қазір грант жеңіп ал­ған азаматтар өз ісін дөңгелетіп жүр.