WTA рейтингі жаңарды
WTA рейтингі жаңарды
226
оқылды
Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жаңартылған рейтингті жария­лады. Бұл тізімде таяуда ғана «Уимблдоннан» Қазақстанға жеңіс сыйлаған Елена Рыбкина 23-орнын сақтап қалды. Ал Юлия Путинцева жеті позицияға төмендеп, қазір 39-орынға жайғасты. 42 позиция жоғалтқан Зарина Дияс рейтингте төмен түсті. Қазір қазақстандық теннисші – 243-орында.