Түркістан облысының Келес ауданында жүкті әйел асылған күйінде табылды. Оның артында екі баласы қалды, – деп хабарлайды облыстық Полиция департаменті Келіншектің қайтыс болғаны 16 шілдеде белгілі болды.
«Келес аудандық полиция бөліміне жедел жәрдем қызметінен жас әйелдің өз үйінің ауласында асылып, қайтыс болғаны туралы ақпарат келіп түсті. Хабарламаны алған соң оқиға орнына жедел тергеу тобы шықты», – деп хабарлады құқық қорғау органдары.Бұл оқиға сол күні Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі «өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бойынша тіркелді. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тиісті сот-медициналық сараптама тағайындалды. Полиция қызметкерлері оның денесін тексеру барысында зорлық-зомбылық белгілері табылмағанын мәлім етті. Бұған дейін Түркістан облысында әйелдің өз үйінің ауласында асылып қалғаны туралы хабарлаған болатынбыз.