Түркістан облысында әйел өз үйінде асылып қалды
Түркістан облысында әйел өз үйінде асылып қалды
© platon.asia
1,105
оқылды
Түркістан облысындағы Келес ауданының тұрғыны өз үйінде асылып қалды, –  деп хабарлайды облыстық Полиция департаменті.  Оқиға 16 шілде күні болған. Келес аудандық полиция бөліміне жедел жәрдем қызметі хабарласып, жас әйелдің өзінің тұрғын үйінің ауласында жіпке асылып, қайтыс болғанын мәлім еткен.
«Аталған жайт сол күні Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі бойынша тіркеліп, қазір  сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тиісті сот-медицина сараптамасы тағайындалды. Полицейлер мәйітті қарау барысында ешқандай зорлық белгілерін анықтаған жоқ», –  дейді Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Гүлнар Әбдіжаппарова.
Сондай-ақ Гүлнар Әбдірахманқызының айтуынша, Келес аудандық полиция бөлімінің басшылығы қайтыс болған әйелдің жақындарымен кездесіп, заң аясындағы жұмыстардың жүргізіліп жатқанын және қосымша арыз-шағымдары болса назарға алынатынын жеткізді. Бұған дейін Оралда жол апатынан 8 адам көз жұмғанын хабарлаған едік.