ҰБТ-дан 139 балл жинаған үшінші түлектің де нәтижесі жойылды
ҰБТ-дан 139 балл жинаған үшінші түлектің де нәтижесі жойылды
Фото: 24.kz
1,362
оқылды
Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев ең жоғары 140 балдан 139 балл жинаған үшінші түлектің де тестілеу ережелерін бұзғанын хабарлады.
«Өкінішке қарай,  ҰБТ-2022 бейнежазбаларын қайтадан тексеру барысында ең жоғары 139 балл жинаған тестіленушінің ереже бұзғаны белгілі болды. Сәйкесінше, оның нәтижесі жойылып, грант конкурсына қатысу мүмкіндігінен айырылды. Өткен жазбаларымның бірінде 139 балл жинап, бірақ ереже бұзған 2 талапкердің нәтижесін жойғанымызды хабарлаған болатынмын. Ал бұл – тіркелген үшінші жағдай. Енді ең максималды балл – 138, оны 4 талапкер жинады. Төртеуінің де нәтижесін тексеру жұмысы жалғасып жатыр. Естеріңізге сала кетсем, аномалды жоғары балл (+20 балдан +80 балға дейін) жинаған талапкерлердің нәтижесі біздің ерекше бақылауымызда»,–  деп жазды Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев әлеуметтік желідегі парақшасында.
Бұған дейін ҰБТ-да ең жоғары 139 балл жинаған екі оқушының нәтижесі жойылғанын хабарлаған болатынбыз. Биылғы ҰБТ басталғалы бері 139 балл жинаған үш талапкер тіркелді. Дегенмен қайта тексеру кезінде аталған оқушылардың үшеуі де ереже бұзғаны анықталды.