Қызылорда прокуратурасы "прокурордың әйелінің" бейнежазбасына қатысты мәлімдеме жасады
Қызылорда прокуратурасы "прокурордың әйелінің" бейнежазбасына  қатысты мәлімдеме жасады
© 2gis.kz
7,331
оқылды
Қызылорда облыстық прокуратурасы әлеуметтік желіде жарияланған бейнежазбаға қатысты ресми жауап берді. Бейнежазбада облыс прокурорының әйелі дөрекілік жасады деп айыпталған болатын. Қызылорда облыстық прокуратурасы бұл бейнежазбаның шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.
«Әлеуметтік желіде «Қызылорда облысы прокурорының әйелі күзетшілерге дөрекілік жасады» деген сипатта бейнежазба тарап жатыр. Бұл – шындыққа жанаспайтын ақпарат. Облыс прокурорының әйелінің аты-жөні – Татьяна Анатольевна Бижанова. Ұлты – орыс. Таралған видеодағы басқа әйел. Жала жауып, жалған ақпарат таратушыларға заңмен көзделген тәртіпте жауапкершілік қаралатынын назарға саламыз», – деп жазылған Қызылорда облыстық прокуратурасы таратқан хабарламада.