ЖОО қызметкерлеріне арналған жеңілдікті тұрғын үй туралы хабарлама – фейк
ЖОО қызметкерлеріне арналған жеңілдікті тұрғын үй туралы хабарлама – фейк
215
оқылды
Ғылым және жоғары білім министрлігі жоғары оқу орындарының қызметкерлеріне арналған жеңілдетілген тұрғын үй бағдарламасы туралы әлеуметтік желілерде таралған ақпаратты жоққа шығарды. Ведомство оның шындыққа жанаспайтынын хабарлады. Бұл туралы stopfake.kz сайты жазды.
“19 шілде күні әлеуметтік желілерде https://mongov.kz сайтына сілтеме жасай отырып, ЖОО қызметкерлері арасында тұрғын үйге қажеттілік тізімін жасау үшін сауалнаманы толтыру сұралған хабарландыру таралды. Аталған сайттағы ақпарат алаяқтық әрекет болып табылады. Негізгі мақсаты – жоғары оқу орындарының қызметкерлері туралы жеке деректерді жинау. Осыған байланысты Ғылым және жоғары білім министрлігі жалған ақпарат таратудан бас тартуға шақырады және министрліктің бастамалары туралы хабарлау қажет болған жағдайда электронды құжат айналымы жүйесіне енгізілген ресми ақпарат арналары пайдаланылатынын мәлімдейді. Аталған оқиға бойынша ақпарат құқық қорғау органдарына берілді”, – делінген ведомство жауабында.