Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті еліміздегі 1 499 ойыншық үлгісі тексеріп, оның 706-сы қауіпті екенін анықтады.
"706 үлгі "Ойыншықтар қауіпсіздігі туралы" ережеге сәйкес келмейтіні анықталды. Олардың ішінде 9 Қазақстанда (1,3%), 59-ы Еуропа экономикалық одағында (8,4%), 638-і өзге елдерде (90,3%) жасалған", – делінген комитет хабарламасында.Санитарлық-химиялық тексеріс нәтижесінде 23 үлгіде ксилол, бензол, фенол, гептан, формальдегид және этилацетат секілді қоспалардың шамадан тыс көп екені анықталған. Кәсіпорындардан 21,5 келі ойыншық тәркіленді. Сонымен қатар өнімдер қауіпсіздігін дәлелдейтін құжаттарсыз сатылып келген.