Украинадағы арнайы әскери операцияның мақсаты өзгерді, енді бұл ДХР мен ЛХР елдері ғана емес – Сергей Лавров
Украинадағы арнайы әскери операцияның мақсаты өзгерді, енді бұл  ДХР мен ЛХР елдері ғана емес – Сергей Лавров
© Reuters © Maxim Shemetov
18,595
оқылды
Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров РИА Новости агенттігіне сұхбат беріп, Ресейдің Украина аумағындағы арнайы операциясының мақсат-міндеттері өзгергенін мәлімдеді. 
"Қазір география басқаша. Бұл ДХР мен ЛХР (Қазақстан мойындамаған елдер – ред.) ғана емес, бұл Херсон облысы, Запорожье облысы және басқа да бірқатар аумақ. Бұл жұмыс жалғасып жатыр әрі табанды түрде жалғасады", – деді министр.
Лавровтың айтуынша, егер Киевке алыс қашықтықтағы қару-жарақ жеткізілсе, операцияның аумағы одан әрі кеңейеді.
"Біз Украинаның Зеленский немесе оның орнын басатын адам басқаратын жерде біздің аумаққа және өз тәуелсіздігін жариялаған, болашағын өздері анықтағысы келетін елдерге тікелей қауіп төндіретін қарудың болуына жол бере алмаймыз", – деп түйіндеді Ресей сыртқы істер министрі.
Айта кетейік, Ресей әскері 24 ақпанда Украина аумағына басып кірді. Украина қарулы күштері Бас штабы соғыс басталғалы Ресей 38 мың әскерінен айырылғанын хабарлады.