Алматыда ер адам шабуылынан зардап шеккен әйелдердің жағдайы белгілі болды
Алматыда ер адам шабуылынан зардап шеккен әйелдердің жағдайы белгілі болды
1,681
оқылды
Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті ер адам шабуылынан зардап шеккен әйелдердің жағдайы туралы айтты.
«23 жастағы С. есімді емделуші ауруханаға кеуде қуысы мен іш қуысына еніп кеткен көптеген шаншып-кесу жарақатымен ауруханаға жатқызылды. Ол шұғыл түрде реанимация бөліміне жеткізілді. Жағдайы тұрақты ауыр. 52 жастағы Х. есімді емделуші жағдайы бойынша хирургия бөліміне жатқызылды. Бүгінде денсаулығы орташа ауырлықта, нашарлаусыз динамикада. Қажетті стационарлық ем қабылдап жатыр», – деп хабарлады Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.
Бұған дейін, Алматы ер адам көшеде екі әйелді пышақтап тастағанын хабарлаған болатынбыз.