Әлем чемпионатында қазақстандық спортшы Нора Джеруто тұңғыш рет алтын медаль иеленді
Әлем чемпионатында қазақстандық спортшы Нора Джеруто тұңғыш рет алтын медаль иеленді
Фото: Reuters
565
оқылды
АҚШ-та Орегонда жеңіл атлетикадан 2022 жылғы әлем чемпионаты өтті. Қазақстандық спортшы Нора Джеруто тұңғыш рет алтын медаль алды, – деп жазады inform.kz. Әйелдер арасында 3 000 метрге кедергілер арқылы жүгіруден финал мәресіне жетті. Қазақстандық Нора Джеруто қашықтықты 8:53.02 уақыт аралығында жүгіріп өтіп, жеңімпаз атанды.   https://youtu.be/8W8Jjs2doKs Бұл алтын медаль Қазақстанның жеңіл атлетика тарихындағы тұңғыш алтын болып отыр. Екінші орынды эфиопиялық спортшы Веркуха Гетачью (8:54.61), ал үшінші орынды оның отандасы Мекидес Абебе (8:56.08) жеңіп алды. Кенияның тумасы Нора Джеруто Қазақстанға 2017 жылы қоныс аударып, 2022 жылы әлем чемпионатында ел намысын қорғауға ресми рұқсат алған.