Алматы облысында жол апатынан 11 жастағы бала қаза тапты – видео
Алматы облысында жол апатынан 11 жастағы бала қаза тапты – видео
Фото: nur.kz
536
оқылды
Жол апаты Алматы – Жандосов – Бесмойнақ жолында болды. Бұл туралы Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі хабарлады.
«Кеше сағат 12.05-те Қарасай ауданының полициясына Алматы – Жандосов –Бесмойнақ жолында жол апаты болғаны жөнінде хабарлама түсті. 39 жастағы Toyota Camry көлігінің жүргізушісі жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, «ВАЗ» көлігіне соғылған. Оқиға орнында кәмелетке толмаған бала мерт болды. Жарақат алған екі көліктің де жүргізушісі ауруханаға жеткізілді», – деді полицей.
Апаттың мән-жайын полицейлер тексеріп жатыр. Бұған дейін Ішкі істер министрлігі Оралдағы жол апатынан соң, жолаушы тасымалдайтын автобустар мен таксилер тексерілетінін хабарлаған болатын.