Жолаушы тасымалдайтын автобустар мен таксилер тексеріледі – министрлік
Жолаушы тасымалдайтын автобустар мен таксилер тексеріледі – министрлік
Фото: kolesa.kz
3,717
оқылды
Ішкі істер министрлігі жолаушылардың қауіпсіздігі үшін автобустар мен таксилерді тексереді, – деп жазады inform.kz. Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұратәлиев айтуынша, өткен демалыс күндері 80-нен астам жол апаты болған. 20-дан астам адам қаза тапты.
«Апат көбейгендіктен бірінші кезекте жолаушыларды тасымалдаумен айналысатын көліктер тексеріледі. Яғни, автобустар, микроавтобустар, минивэндер, такси жүргізушілерін тексереміз», – деді Жандос Мұратәлиев.

Жуырда Оралда екі көлік соқтығысып, 8 адам қаза тапқанын хабарлаған болатынбыз.