Алматыда рейдерлік тәркілеумен айналысқан бір топ адам ұсталды: олардың есімдері белгілі болды
Алматыда рейдерлік тәркілеумен айналысқан бір топ адам ұсталды: олардың есімдері белгілі болды
1,131
оқылды
Қаржылық мониторинг агенттігі рейдерлік тәркілеумен айналысқан бір топ адамның әрекетін тоқтатып, олардың жеке басын анықтады. 14 шілдеде ҚР ҚПК 128-бабына сәйкес, қылмыстық іс-әрекет эпизодтарының бірі бойынша ұсталып, уақытша ұстау изоляторына келесі азаматтар қамалды: - Танашев Тимур Сержанұлы, 1983 жылы туған; - Бабаев Рауан Тимурұлы, 1992 жылы туған; - Алтыбасаров Аңсар Мұратұлы, 1990 жылы туған; - Абижанов Дастан Мәдиұлы, 1977 жылы туған. 15 шілдеде аталған тұлғаларға қатысты Алматы қалалық  мамандандырылған тергеу сотының қаулысымен 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Сонымен бірге сот Қоспаев Елдос Айдынғалиұлына іздеу жариялап, қамауға алу туралы бұлтартпау шарасын таңдады. Қоспаев Айдос Айдынғалиұлы мен Шалин Руслан Евгениевич күдікті деп танылды.
"Құрметті азаматтар! Егер сіз аталған тұлғалардың заңсыз әрекеттерінен зардап шеккен болсаңыз, Қаржылық мониторинг агенттігінің сенім телефондарына немесе Аумақтық экономикалық тергеу басқармаларына хабарласуыңызды сұраймыз",  – делінген хабарламада.
https://www.youtube.com/watch?v=3AYmfc9KTeM