Тамара Дүйсенова Украинадағы соғыстан соң елге ағылған шетелдіктерге қатысты ойын айтты
Тамара Дүйсенова Украинадағы соғыстан соң елге ағылған шетелдіктерге қатысты ойын айтты
© azh.kz
6,271
оқылды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Украинадағы соғыстан кейін Қазақстанға келген ресейліктерден қорықпауға шақырды, - деп жазады Ақ жайық
Ресми деректер бойынша, соңғы жылдары Қазақстанда тұрақты теріс көші-қон үрдісі қалыптасты. Яғни, елге келгендерден гөрі елден көшіп кеткендер саны көп. Биылғы көктем мен жаз мезгілдерінде жағдай күрт өзгерді. Өйткені елге Ресей мен Украинадан адамдар ағыла бастады. Олардың басым бөлігі елорда мен Алматыны бетке алған.
Тамара Дүйсенова қазақстандықтарға көрші мемлекеттен келетін адам ағынынан қорқудың қажеті жоқ деп есептейді.
«Ресейден келген әлеуетті жұмысшылар саны еңбек нарығында қиындық туғызатындай көп емес. Бұған дейін бізде шетелдік жұмыс күшіне қатысты проблема үнемі кездесті. Адамдар жұмысшыларды неге шетелден шақырасыңдар дейтін. Бірақ бізде 8,8 миллион адамның жұмыспен қамтылғанын ескерсек, ақпан-маусым айларында елімізге келген Ресей Федерациясының 26 мың азаматы айтарлықтай көп көрсеткіш емес. Бізге білікті адамдар келеді деп қорықпау керек, олар көбінесе экономиканың жоғары технологиялық секторларына келеді: бұл технология мен білім трансферті, - деді Тамара Дүйсенова.
Бұған дейін Тамара Дүйсенова зейнет жасын төмендету мәселесі талқыланып жатқанын айтқан болатын. Осы орайда Үкімет басшысы қазақстандықтардың зейнет жасын төмендетуге қатысты Сенат депутаты Дана Нұржігіттің сауалына жауап берген болатын.