23 шілдеден бастап астанада бірқатар қызметкерлер қашықтан жұмыс істей алады
23 шілдеден бастап астанада бірқатар қызметкерлер қашықтан жұмыс істей алады
420
оқылды
Нұр-Сұлтан қаласы бас санитар дәрігері Сархат Бейнеснованың жаңа қаулысы бойынша «сары» аймақтағы елорда аумағында кімдердің қашықтан жұмыс істей алатыны белгілі болды.
«Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, қалалық кәсіпкерлер палатасы, мемлекеттік органдар, құқық қорғау және арнайы органдар, кәсіпорындардың, ұйымдардың басшылары, кәсіпкерлік субъектілері жүкті әйелдердің, COVID-19 вакцинациясына абсолютті қарсы көрсетілімі бар қызметкерлердің және COVID-19 науқаспен байланыста болған адамдардың (міндетін дистанциялық форматта орындау мүмкін емес санаттарды қоспағанда) қашықтықтан жұмыс істеу форматына көшудіқамтамасыз етсін», - деп жазылған құжатта.
Сондай-ақ, аталған жауапты органдарға білім беру ұйымдарында топтар мен сыныптарды біріктіріп іс-шаралар өткізбеу жүктеліп отыр. Ал топтардың басқа топтармен бірікпейшара өткзуіне рұқсат бар. Қаулы 23 шілдеде күшіне енеді.