Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі тағы да ұзарды

Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі тағы да ұзарды
Фото: qazweek.kz

Кәсіпкер, Алматы қалалық мәслихатының экс-депутаты Қайрат Құдайбергенді қамау мерзімі тағы бір айға ұзартылды. Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

«21 шілде күні Алматы қалалық тергеу сотының қаулысымен күдіктіні қамауда ұстау мерзімі 4 айға дейін ұзартылды. Қамау мерзімі 2022 жылдың 21 тамызына дейін ұзартылды», – делінген ресми хабарламада.

Бұған дейін Қайрат Құдайберген депутаттық мандатынан айырылғанын хабарлаған болатынбыз. 

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.