Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі тағы да ұзарды
Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі тағы да ұзарды
Фото: qazweek.kz
446
оқылды
Кәсіпкер, Алматы қалалық мәслихатының экс-депутаты Қайрат Құдайбергенді қамау мерзімі тағы бір айға ұзартылды. Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады. «21 шілде күні Алматы қалалық тергеу сотының қаулысымен күдіктіні қамауда ұстау мерзімі 4 айға дейін ұзартылды. Қамау мерзімі 2022 жылдың 21 тамызына дейін ұзартылды», – делінген ресми хабарламада. Бұған дейін Қайрат Құдайберген депутаттық мандатынан айырылғанын хабарлаған болатынбыз.