Түркістан облысында сусыз өмір сүре алатын балық тіршілік етеді
Түркістан облысында сусыз өмір сүре алатын балық тіршілік етеді
Түркістан облысында сусыз өмір сүре алатын балық тіршілік етеді, – деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Жыланбас деп аталатын балық өңірдегі барлық су айдындарында кездеседі. Оттегіні еркін тұтына алатын ол біршама уақытқа дейін құрғақ жерде де еш қиналмай тіршілік етеді.
«Бұл балық шөпті жерде өмір сүреді. Ыстықты жақсы көреді. Негізінен кішкентай құстар мен су жәндіктерімен қоректенеді. Әсіресе, бақаларды жақсы көреді», – дейді Түркістан облысы бойынша спорттық балық аулау федерациясының президенті Сергей Ефремов.
Жалпы, жыланбас балығының ұзындығы бір метрдің жобасын құрайды екен. Тіпті одан да ұзындары бар. Ал, салмағы 10 келіден көп.  width=
«Жыланбас балығының 16 келілігін аулаған достарым болды. Қармақтың инесін тереңге жұтып қойғандықтан, көбіне балықшылар саусағын жаралап алады. Ал, негізі адамдарға шабуыл жасамайды. Сондықтан еш қорықпай, қасында шомыла беруге болады», – дейді Сергей Ефремов.