Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ислам әлемі үшін қасиетті мекен – Меккеге қажылыққа барды. Ұмраға барған Президент мұсылмандық парызын өтеді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.


Президент Қағбаның ішіне кіру мәртебесіне ие болды. Оның есігі ерекше жағдайда және аса сыйлы қонақтарға ғана ашылады. Бұл Сауд Арабиясы басшылығының Қазақстан Президентіне көрсеткен зор құрметін білдіреді.