Қазгидромет: бүгін жаңбыр жауып, дауыл соғады

Қазгидромет: бүгін жаңбыр жауып, дауыл соғады
Фото: de-vraag.com

Синоптиктер 25 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Бүгін батыста ауа райы солтүстік-батыс циклонына байланысты жаңбырлы болады. Найзағай ойнап, жел екпіні күшейеді, бұршақ жауып, дауыл тұрады.

Қазақстанның оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Қазақстанның шығыс жартысында күн жауын-шашынсыз болады.

Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Жетісу, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Атырау облысының оңтүстігінде, Ұлытау облысының оңтүстігінде және орталығында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Жетісу, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Ұлытау, Қостанай облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Алматы облысының тау бөктерінде күн қатты ысиды.

Күндіз Алматы облысының басым бөлігінде, Жамбыл облысының оңтүстігінде, Түркістан облысының батысында және шөлді аудандарында, Жетісу облысының шығысында өте қатты ыстық сақталады.

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.