Тамызда болатын ҰБТ-ға өтініш қабылдау басталды
Тамызда болатын ҰБТ-ға өтініш қабылдау басталды
507
оқылды
Тамыз айында болатын ҰБТ-ға қатысуға өтініш беру басталды. Өтінім қабылдау мерзімі 25-30 шілде аралығы. Тіркелу Ұлттық тестілеу орталығының сайтында жүргізіледі. Ал тестілеу 10-13 тамыз аралығында өтеді. Тамыздағы ҰБТ шекті балл жинай алмаған талапкерлерге тестілеуден қайта өтіп, ЖОО-ға ақылы негізде түсу мүмкіндігін беру мақсатында өтеді. Сондай-ақ осы ҰБТ-ға биылғы және өткен жылдардың мектеп түлектері, колледж түлектері мен шетелдік мектепте білім алғандар қатыса алады. Тамыздағы тестілеу де әдеттегі ҰБТ электронды форматта өтеді. Тіркелген кезде талапкерлер емтихан өтетін орынды, күнді және уақытты өздері таңдай алады. Ал бұған дейін өткен негізгі ҰБТ-ға қатысқан талапкерлер бейіндік пәндер комбинациясын тамыздағы тестілеуде өзгертіп, қайта тапсыра алады.
«Қаңтар-шілде аралығында өткен ҰБТ-да кей талапкерлер шекті балл жинай алмады. Шекті балсыз олар еліміздің жоғары оқу орындарына түсе алмайды. Біз осы балалардың ақылы бөлімге түсу мүмкіндігі болуы үшін тамыз айында қайта тестілеуден өтуге жағдай жасадық. Оқуға түсу үшін шекті балл және әр пәннен кемінде 5 балл жинау қажет», – деді Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.