Оралда жол апатынан 8 адам қаза тапты: оқиғаға қатысты тың деректер пайда болды
Оралда жол апатынан 8 адам қаза тапты: оқиғаға қатысты тың деректер пайда болды
558
оқылды
Полицейлер Оралда 18 шілде күні түнде айналма тас жолда екі көліктің соқтығысуы салдарынан 8 адам қаза тапқан жол-көлік апатының мән-жайы белгілі болды. БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, сот-медициналық сараптамаға сәйкес «Nissan Maxima» автокөлігінің 32 жастағы жүргізушісі мас болған. Ол басып озу кезінде қарсы бетке шығып кетіп, 40 жастағы жүргізуші айдап келе жатқан «Лада 11183» автокөлігімен соқтығысқан. Салдарынан 8 адам қаза болды. Сот-медициналық сараптама «Лада 11183» автокөлігінің жүргізушісі ішімдік ішпегенін көрсеткен. БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметі бойынша «Лада 11183» көлігінің рулінде болған Серік Макаров Апаттар медицинасы орталығы мемлекеттік мекемесінің жүргізуші-санитары болып жұмыс істеген. Ол өзінің жеке көлігімен тойдан қайтып келе жатқан. С.Макаровпен бірге әйелі, екі баласы және жақын туыстары, барлығы 8 адам көз жұмды.