Елордада газ толтыру станциясынан өрт шығып, 4 адам зардап шекті
Елордада газ толтыру станциясынан өрт шығып, 4 адам зардап шекті
431
оқылды
Нұр-Сұлтанда болған өрттен 4 адам зардап шекті. Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Департаменттің баспасөз қызметінің мәліметінше, 25 шілде күні сағат 22-05-те 101 пультіне Қобда көшесі 6 мекенжайында өрт болып жатқаны туралы хабарлама түскен. газ Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД құтқарушылары оқиға орнына жедел түрде жіберілді. Өрт сөндірушілер онда жеткенде бір қабатты ғимарат өртеніп жатқан. Сондай-ақ екі қабатты ангардың шатыры, газ толтыру станциясында газ лаулап жанып жатқан. газ Өрт орнында өрт сөндіру штабы құрылды, өрт сөндіруші учаскелер ұйымдастырылды. газ Ал жедел жәрдем станциясының алдын ала ақпараты бойынша өрттен төрт адам зардап шеккен. Өрт сөндірушілер өртті сағат 00.05-те ауыздықтады.