Бүгін ауа райы қандай болады?
Бүгін ауа райы қандай болады?
647
оқылды
”Қазгидромет“ 27 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады. Бүгін, 27 шілде күні Қазақстанның батыс, солтүстік-батыс, солтүстік жартысында оңтүстік циклонның ықпалынан жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, сондай-ақ бұршақ жауып, солтүстік-батыста дауыл тұрады, оңтүстік-батыста түнде және таңертең тұман түседі. Ел бойынша жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Қазақстанның оңтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары қысымды алқапта күн жауын-шашынсыз болады. Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Жетісу, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Атырау облысының оңтүстігінде, Ұлытау облысының оңтүстік пен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз Алматы, Жетісу, Жамбыл, Түркістан, Ұлытау, Қарағанды облыстарының басым бөлігінде, Маңғыстау, Абай облыстарының оңтүстігінде аптап ыстық болады. Сондай-ақ күндіз Алматы облысының солтүстігі мен оңтүстігінде де өте қатты ыстық болады.