Алматы облысында құны 360 миллион теңге болатын киік мүйізі тәркіленді
Алматы облысында құны 360 миллион теңге болатын киік мүйізі тәркіленді
Фото: polisia.kz
438
оқылды
Алматылық полиция құны 360 миллион теңге болатын киік мүйізін тәркіледі. Бұл туралы Polisia.kz сайты хабарлады. Алматы облысы Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері 25 шілде күні жедел іздестіру шараларын жүзеге асырды. Олар арнайы операция барысында киік мүйізін елден заңсыз шығармақ болған бір топ қылмыскерді ұстады. [caption id="attachment_207501" align="alignnone" width="1200"]киік Фото: polisia.kz[/caption]
«Жедел іздестіру жұмыстары барысында «Алматы-Бішкек» республикалық трассасының барысында солтүстікке қарай кетіп бара жатқан көлік тоқтатылды. Көліктің салонынан 2 048 дана киік мүйізі салынған 13 қап табылды. Аумақтық орман шаруашылығы өкілдерінің алдын ала есебі бойынша, мемлекетке келген шығын 360 млн теңгені құрап отыр. Ұсталған күдіктілерге қатысты Қымыстық кодекстің 339-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүріп жатыр, - деді Алматы облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Елдар Әбдікенов.
Сонымен қатар қазір мүйіздердің қайдан алынғаны анықталып жатыр. [caption id="attachment_207503" align="alignnone" width="1200"]киік Фото: polisia.kz[/caption]