Еліміздің төрт өңірінде ауа райы бұзылады
Еліміздің төрт өңірінде ауа райы бұзылады
© сурет интернеттен алынды
5,286
оқылды
Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК. Нұр-Сұлтан қаласында 13 ақпанда жаяу бұрқасын болуы ықтимал. Жолдарда көктайғақ болып, оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Ауа райы болжамының дәлдігі 85-90%. Ақмола облысының басым бөлігінде қар жауады. Кей жерлерінде тұман, бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік- шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысып, оның күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде тіпті 25 м/с болуы ықтимал. Қызылорда облысында түнде және таңертең кей жерде көктайғақ, бұрқасын болады. Жел оңтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысады, жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с-ге жетеді. Ауа райы болжамының дәлдігі 95-100%. Түркістан облысының кей жерінде тұман, көктайғақ болып, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с-ге жетеді. Шымкент қаласында 13 ақпанда түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал.