Абақтыға ақша кіргізбек болған тұрғынға айыппұл салынды
Абақтыға ақша кіргізбек болған тұрғынға айыппұл салынды
© polisia.kz
294
оқылды
Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха қаласының тұрғыны колонияға 100 АҚШ долларын кіргізбек болды,-деп хабарлайды Polisia.kz. Колонияға қала тұрғыны 100 АҚШ долларын алып кірмекші болды.Алайда, ОВ 156/20 қызметкерлері оны әшкереледі. Валюта тәркіленді. Шемонаиха қаласының 47 жасар тұрғыны тыйым салынған заттарды алып өту барысындағы жауапкершілікті біле тұра, түзеу мекемесінде мерзімін өтеп жатқан танысына беру үшін 100 АҚШ долларын колонияға кіргізбек болды. Ақшаны қысқы күртешенің сол жақ жеңіндегі қалтаға жасырған. Тексеру кезінде мекеме қызметкерлерімен күртешенің қалтасынан 100 АҚШ доллары табылды. Бұл ақшаның жазасын өтеп жатқан сотталғанға не үшін қажет болғаны тексерілуде. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 481-бабына (Қылмыстық-атқару жүйесiнің мекемелерiнде, арнаулы мекемелерде ұсталатын адамдарға тыйым салынған заттар) сәйкес, колония аумағында тыйым салынған заттарды беру әрекеті үшін, әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралы болған құралы тәркілене отырып, ескерту немесе 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.