Түркия президенті Сирияға шабуыл жасайтынын айтты
Түркия президенті Сирияға шабуыл жасайтынын айтты
© tengrinews.kz
558
оқылды
Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған Сирияның үкіметтік әскері шабуылға кірісетін болса, Идлиб дэскалациясы аумағынан тыс жерлерге де шабуыл жасайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Дүйсенбіде Түркияның қорғаныс министрлігі Идлибте сириялық армия тарапынан болған шабуылдар салдарынан түркиялық бес сарбаз қайтыс болғаны және бес сарбаздың жарақат алғанын айтты. Жауап ретінде түркиялық әскери ведомствоның мәліметінше, Түркия әуе күштері Сирияның 115 нысанына шабуыл жасап, 101 сириялық әскердің көзін жойған.
"Соңғы күндердегі шабуыл салдарынан бізде 14 адам қаза тапты, 45 адам зардап шекті. Негізінен шабуылдар лаңкестерге емес, бейбіт тұрғындарға жасалған. Мақсаты - осы өңірді оккупациялау, олар тұрғындарды біздің шекараға қарай көшірмек. Біз Сочи келісіміне сәйкес әрекет еттік, бірақ бізден басқа ешкім сөзінде тұрмады. Бұл шабуылдардың нысаны Түркия бола бастады", - деді Ердоған.