«Қазгидрометтің» хабарлауынша, оңтүстік, оңтүстік-батысы мен батысында жауын-шашын болады. Орталық, шығыс, солтүстік және солтүстік-батыста қар жауады.
Кей жерлерде көктайғақ, тұман, бұрқасын болып, күшті жел соғады. Оңтүстік-батыста жел екпіні 30 м/с асады.
Жамбыл облысының кей жерлерінде – тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі.
Жел жылдамдығы 15-20, түнде 23-28 м/с дейін күшейеді.
Облыстың оңтүстік-батысында жел қарқыны 30 м/с асады.
Ақмола облысының кей жерлерінде бұрқасын көтеріліп, тұман түседі. Көктайғақ болады. Жел түнде кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.
Күндіз өңірдің басым бөлігінде желдің күші – 15-20, кей жерлерде – 25 м/с.
Қарағанды облысының кей жерлерінде боран соғып, тұман түседі. Жел екпіні – 15-20, 25 м/с дейін күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман күтіледі. Жел қарқыны күндіз 15-20 м/с жетеді.
Павлодар облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғады. Жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Түркістан, Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Желдің күші – 15-20 м/с.
Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел қарқыны – 18-23 м/с.
Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ күтіледі. Маңғыстау облысының түнде, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен еседі. Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.
Қостанай облысында жел екпіні – 18 м/с, Солтүстік Қазақстан облысында – 15-20 м/с. Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Түнде және таңертең көктайғақ болып, бұрқасын көтеріледі. Ақтөбе облысының кей жерлеріне түнде және таңертең тұман түседі.