Қатты аязға байланысты Шығыс Қазақстанда сабақ болмайды
Қатты аязға байланысты Шығыс Қазақстанда сабақ болмайды
Фото: Интернеттен алынды
331
оқылды
ШҚО мектептерінде сабақ тоқтатылды, – деп хабарлайды «Хабар 24». Өскеменде ауа температурасы -23 градус суық. Курчатов қаласы мен Шемонаиха ауданында да ауа температурасы осындай. Кейбір шалғай өңірлерде бұдан да қатты аяз. Мәселен, Көкпекті, Алтай аудандарында сынап бағанасы -33 градусқа дейін төмендеді. Бесқарағай, Жарма аудандарында -28,29 градус суық. Білім басқармасы таратқан мәліметке сай, аталған аймақтарда бірінші ауысымда оқитын балалар үшін сабақ шегерілді.