Қытайда коронавирустан көз жұмғандардың саны 1 310-ға жетті
Қытайда коронавирустан көз жұмғандардың саны 1 310-ға жетті
Фото: Интернеттен басталды
192
оқылды
Эпидемия ошағы – Хубэй провинциясында соңғы тәулікте коронавирус жұқтырған 14 840 адам тіркелген, – деп хабарлайды «ҚазАқпарат». Хубэйдің Гигиена және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі комитетінің хабарлауынша, 12 ақпан сағат 24:00-дегі жағдай бойынша, Хубэй провинциясында коронавирус жұқтырған 14 840 адам тіркелді, 242 адам қаза тапты. Ауруханада 33 693 адам жатыр, соның ішінде 5 647 науқас ауыр халде жатыр. Хубэй провинциясының билігі жаңа коронавирус жұқтырғандар санының бірден өсуін олардың қатарына жаңа әдіспен диагностика жасалған науқастар қосылғанын айтып отыр. Бұл шаралар коронавирус жұқтырғандарды ертерек анықтап, оларды тезірек емдеуге бағытталған. Соңғы деректер бойынша, Хубэй провинциясында жаңа коронавирус жұқтырғандар саны – 48 мың адам, соның ішінде, 1 310 адам көз жұмса, 3441 адам емделіп шықты.