«Мысырда халық саны 100 миллионға жетті» – билік бала тууға заңмен шектеу енгізуі мүмкін
«Мысырда халық саны 100 миллионға жетті» – билік бала тууға заңмен шектеу енгізуі мүмкін
Фото: Интернеттен алынды
339
оқылды
Мысыр халқының саны 100 миллионға жетті, – деп жазады 24.kz. Бірақ елдің билігі мен экономистері бұл жетістікке қуанудың орнына, керісінше, алаңдап отыр. Себебі, араб және Африка елдерінің көбі тұрғындарын баспана және күнкөріске жеткілікті жалақымен қамтамасыз етілмеген. Оған мүмкіндік жоқ. Египетте тұрғын үй, мектеп, аурухана проблемасы да өте өзекті.
Дерекке сүйенсек, Мысырда жыл сайын 2 жарым миллион сәби дүниеге келеді екен. Билік тіпті туу дамуын тежеу үшін «екеу жеткілікті» деген науқан жүргізіп келеді.
Египет ұлттық мобилизация және статистика орталық бюросының басшысы Хайрт Баракат: «Біздің мемлекеттің алдында тұрған ең өткір мәселенің бірі – халық санының артуы. Оны өте қауіпті деп те айтуға болады. Себебі, қандай да бір экономикалық жоспар құрылғанымен, халық санының өсуі, оған еш нәтиже бермейді», – деп санайды.