Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев Қордай ауданындағы оқиға салдарынан қаза тапқандардың отбасылары мен туыстарына көңіл айтты, – деп жазады «ҚазАқпарат».
«Өткен аптада Қордай ауданында болған төтенше жағдайға байланысты қайтыс болғандардың отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтамыз. Ерен тірлікті, егемен бірлікті, тек татулықты ту етіп келген халқымыз ынтымақ-бірлігінен айрылмасын деп тілек айтайық», – деді Қырымбек Көшербаев.