Елордада сауда орталығында бүлік шығарған ер адам ұсталды
Елордада сауда орталығында бүлік шығарған ер адам ұсталды
© sputniknews.kz
235
оқылды
MEGA Silk Way баспасөз қызметі сауда орталығында жүрген адамдардың пышақпен қаруланған ашулы жігітті ұстағаны туралы видеожазбаға түсініктеме берді, - деп хабарлады Sputniknews.kz. Оқиға сәрсенбі, 12 ақпан күні болды. Сағат 18:28-де Mega Silk Way қауіпсіздік қызметінің ішкі бақылау қызметкері сауда ойын-сауық орталығының бақылау пунктіне Viva сұлулық салонында ашулы мас адамның жүргені туралы хабарлады.
"Ер адам өзін ас үй пышағымен жарақаттамақ болған. Ол Viva сұлулық салонының бұрынғы қызметкері, 1985 жылы туған Түркия азаматы Сахин Ерсин болып шықты", - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Бір минут өткен соң оқиға орнына MEGA Silk Way қауіпсіздік қызметі жедел әрекет ету тобының қызметкерлері формасыз, жай киініп келіп, бұзақыны ұстады. Оның қолындағы пышағын да тартып алды. Дәл осы сәт желіде тараған видеоға түсіп қалған екен. "Аталған факт бойынша полиция жасағы мен жедел жәрдем шақырылды. Олар келгенше тәртіп бұзушы сауда үйінің жедел тобының бақылауында болды", - деп нақтылады баспасөз қызметі. Оған медициналық көмек көрсетілді. Одан кейін ер адам Есіл ауданы полиция басқармасының тәртіп сақшыларына тапсырылды. https://www.youtube.com/watch?v=6YSrFhhfl8g&feature=emb_title