Қордай ауданы Масанчи ауылындағы сауда орталығы ғимаратын тазарту кезінде қираған үйінділердің астынан адамның күйген денесі табылды. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімінің кеңесшісі Қанат Құлшыманов Facebook-тегі парақшасында жазды.
"11 ақпан күні сағат 12:07-де Жамбыл облысы Полиция департаментінің кезекші бөліміне Қордай ауданының Масанчи ауылындағы сауда орталығы ғимаратын (өрттен кейін шатыр құлаған) тазарту кезінде қираған үйінділердің астынан адамның күйген денесі табылғаны туралы хабар түсті",- деп жазды ол.
Оның айтуынша, қазір мәйіттің жеке басын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.