Қазақстандағы дүнген қоғамының төрағасы әлеуметтік желіде тараған мәлімдемеге қатысты ойын айтты
Қазақстандағы дүнген қоғамының төрағасы әлеуметтік желіде тараған мәлімдемеге қатысты ойын айтты
© Тұрар Қазанғапов
269
оқылды
Қазақстандағы дүңген қоғамының басшысы Абубакир Войнце әлеуметтік желідегі халықаралық дүңгендер қауымдастығының атынан тараған жазбаға қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, жазбаны жариялаған әйел дұрыс істемеген және оның сөзі ресми Қазақстандағы дүнгендер ұстанымына еш қатысы жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Facebook-те Zukhra Zakirova есімді қолданушы "Бүкіл әлемдегі дүнгендер, бірігіңдер" қауымдастығында жазба қалдырды. Ол былай деп жазады: "дүнгендердің өмірі туралы ақпарат осы қиын кезеңде әдейі бұрмаланып, біз үшін тиімсіз болып шығып жатыр". "Біз кейбір жеке азаматтардың Қордай ауданы ауылдарының тұрғындары мен дүнген этносының өкілдерінің беделін түсіретін тұтас науқанды ұйымдастыруға тырысып-бағып жатқанының куәсі болдық".
Алайда бұл хабардың Қазақстандағы дүнген ресми өкілдігімен еш байланысы жоқ, - деді Әбубәкір Войнце. "Зухра Закирова деген кім өзі, мен білмеймін және оның кім екенін түсіне алмадым. Біз мұндайды жазбадық. Біз алдын ала қандай да бір қорытынды жасамаймыз. Біз оны мемкомиссияның қорытындысы бойынша ғана айтамыз. Менің ойымша, олар объективті түрде саралайтын болады. Бұл тек оның жеке пікірі болуы мүмкін, бірақ Қазақстанның барлық дүнгендерінің пікірі емес. Менің ойымша, бұрын болған нәрсені еске алудың қажеті жоқ. Бүгінгі күнмен өмір сүріп, бірінші кезекте отбасыларына көмек көрсетіп, елдегі бейбітшілік пен тыныштықты қалпына келтіру қажет", - деді Қазақстан дүнген қоғамының төрағасы.