Қай өңірде парақор полицейлер көп?
Қай өңірде парақор полицейлер көп?
© Тұрар Қазанғапов
205
оқылды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өкілдері парақор полицейлердің қай өңірлерде көп екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Превенция департаментінің басшысы Анар Жарова ІІМ-нің қай өңірлердегі департамент қызметкерлері сотты болғанын айтып берді.
"Нұр-Сұлтанда - 42 қызметкер, Алматыда - 26, Шымкентте - 23, Жамбыл облысында - 19 қызметкер", - деді Анар Жарова Нұр-Сұлтанда өткен брифингте.
"Тергеушілер ереже бұзушыны қылмыстық жауапкершілікке тартпағаны үшін, ал учаскелік инспекторлар осыған дейін сотты болғандарды әкімшілік жауапкершілікке тартап, пробациялық бақылауды жеңілдеткені үшін сотталса, жол-патрульдік қызметтің инспекторлары жол ережесін бұзғандарды әкімшілік жауапкершілікке тартпағаны үшін сотталды", - деді Анар Жарова.