ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Diamond Princess лайнерінде еліміздің төрт азаматы бар екенін мәлімдеді, - деп хабарлады 24.kz.
Ведомствоның ресми өкілі Диас Ахметшәріптің айтуынша, жерлестеріміздің жағдайы жақсы, вирустан аман.
«Жапония жағалауындағы Diamond Princess круиздік лайнерінде 50 мемлекеттің 3 700 азаматы оқшауланғаны белгілі. Олардың ішінде коронавирус жұқтырған 174 жолаушы анықталып отыр. Лайнерде Қазақстан Республикасының 4 азаматы да бар. Олардың жағдайы жақсы, вирустан дін аман. Карантин 19 ақпанда аяқталады», – деді Д.Ахметшәріп.
Мұның алдында Жапониядағы Diamond Princess круиздік кемесінде коронавирус жұқтырғандар саны 218-ге жеткенін хабарлағанбыз.