Ерлан Атамбай Kókshe телеарнасының директоры қызметіне тағайындалды
Ерлан Атамбай Kókshe телеарнасының директоры қызметіне тағайындалды
283
оқылды
«Қазақстан» телерадиокорпорациясы басшылығының шешімімен Ерлан Атамбай «Қазақстан» РТРК» АҚ филиалы «Kókshe» телеарнасының директоры болып тағайындалды. Ерлан Нұрбайұлы Атамбай телевизия саласында 20 жылға жуық уақыттан бері қызмет етіп келеді.  «Қазақстан» телерадиокорпорациясындағы еңбек жолын 2013 жылы бастады. Qazaqstan ұлттық телеарнасының Ақпараттық бағдарламалар дирекциясының Бас редакторы, «Қазақстан» РТРК» АҚ Стратегиялық маркетинг департаменті конвергенттік редакциясының жетекшісі қызметтерін атқарды. Бүгінгі тағайындауға дейін Е.Атамбай Qazaqstan ұлттық телеарнасының Ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясының директоры қызметінде болды.