Алматыда Құрлық әскерлері Әскери институтының курсантының өліміне қатысы бар күдікті қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz қалалық сот баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
5 ақпанда тергеу сотының үкімімен күдікті екі айға қамауға алынды.
Tengrinews.kz редакциясы сенімді дереккөзге сілтеме жасап, күдіктінің - Құрлық әскері Әскери институтының курсанты екенін және қаза тапқан курсанттың взводында сержант болғанын анықтады.
Айта кетейік, Алматыдағы Қорғаныс министрлігінің Құрлық әскерлері Әскери институтының курсанты қаза тапты. Жігіттің денесі оқу орнынының аумағынан табылған. "Құрлық әскерлері Әскери институты курсантының қаза болуы дерегі бойынша ҚР ІІМ әскери-тергеу басқармасы сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр", - делінген редакцияның ресми сұрауына берілген жауапта. Оқиғаның мән-жайы айтылмайды.
Осы институттың екі курсанты 19 жастағы жігіттің денесін тапқан - екінші курста оқитын жігіттің денесі институт аумағында асылып тұрған жерінен табылған. Оқиға 2019 жылы 23 желтоқсанда болған.