Теңге ТМД-да кірісі жоғары активтердің алғашқы бестігіне кірді
Теңге ТМД-да кірісі жоғары активтердің алғашқы бестігіне кірді
© inbusiness.kz
297
оқылды
Төл валютамыз теңге нығайып келеді, - деп хабарлайды Atameken Business. Қазір долларға шаққандағы бағамы – 376 теңге, 67 тиын. Блумберг терминалы ұсынған ақпаратқа назар аударсақ, теңге ТМД елдері бойынша кірісі жоғары активтердің алғашқы бестігінде тұр. Бірінші орында Армения валютасы, содан кейін Әзербайжанның манаты, Беларусь рублі. Төртінші орын Грузия лариіне тиесілі. Кірісі төмендер қатарында Өзбекстан, Украина, Тәжікстан валюталары бар. Естеріңізге сала кетейік, соңғы 1 айда төл валютамыздың АҚШ долларына шаққандағы бағамы 375-380 теңге аралығында болды.  Сарапшылар биыл валютамыз нығаятын болса, 1 доллар – 370, егер құлдыраса, 410 теңге болады деп болжам жасады. Әлем бойынша кірісі жоғары активтер көшін күміс, алтын, платина сияқты бағалы металдар бастап тұр. https://www.youtube.com/watch?v=4OPfF8j8iGU&feature=emb_logo