Жезқазғанда далада есінен танған әйелді тонаған ұрылар ұсталды
Жезқазғанда далада есінен танған әйелді тонаған ұрылар ұсталды
Фото: inbusiness.kz
Жезқазғанда денсаулығы күрт нашарлаған әйел есінен танып қалған. Аяқасты сырқаттанып қалған әйелдің әмияны мен телефонын ұрлап кеткен ұрылар ұсталды, – деп жазады Polisia.kz. 15 шілде күні Ұлытау облысы Жезқазған қаласында полиция басқармасына жедел жәрдем бригадасы 61 жастағы науқасты жеткізгені туралы хабарлама түскен. Әйелдің халі мүшкіл болған. Өз-өзіне келіп, есін жиған соң үйіне бара жатқанда қолында 12 мың теңге ақша мен ұялы телефоны салынған сөмкесі болғанын айтқан. Үйіне барар жолда кенеттен өзін нашар сезінген әйел ауруханада есін жиған. Дәрігерлер оқиға орнына келген кезде әйел адам далада ес-түссіз жатқан. Қолында сөмкесі болмаған. Полицейлер іздестіру нәтижесінде, көп ұзамай ұрлыққа қатысы бар күдіктілерді ұстады. 30-44 жас аралығындағы үш ер адам мен 36 жастағы әйел қолға түсті. Олар әйелдің сөмкесін алып, қашып кеткенін мойындады. Қылмыстық кодекстің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.