Өскемендегі жанармай стансасында жарылыс болып, 1 адам қайтыс болды
Өскемендегі жанармай стансасында жарылыс болып, 1 адам қайтыс болды
254
оқылды
Өскемен қаласындағы жанармай құю стансасы маңында жарылыс болды. Жарылыс салдарынан 42 жастағы ер адам көз жұмып, бір баланың денесін күйік шалған. ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға бүгін, 28 шілдеде сағат 08.52-де Өскемендегі Промышленная көшесінде орналасқан ЖҚС аумағында болған.
«Жанармай құюға арналған бөшкелерді тазалау кезінде ауа қосындысы жарылды. Салдарынан 12 жастағы жеткіншектің денесін термиялық күйік шалды. Қазір ол ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Оқиға орнына шұғыл келген ТЖД құтқарушылары бөшке ішінен 42 жастағы ер адамның денесін алып шықты», – делінген ақпаратта.
Құзырлы органдардың мәліметінше, ер адам резервуарды тазалап жүрген. Ал 12 жастағы туысы оған көмектескен. Қазір оқиғаның нақты себебі анықталып жатыр.