Бір тәулікте 3 мыңнан аса адам коронавирусқа шалдықты
Бір тәулікте 3 мыңнан аса адам коронавирусқа шалдықты
Фото: stopfake.kz
658
оқылды
Елімізде өткен тәулікте 3095 адамнан коронавирус анықталды. COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, елімізде коронавирусқа шалдыққандардың жалпы саны 1 344 360-қа жетті. Атап айтқанда: Нұр-Сұлтан қаласында – 918, Алматы қаласында – 694, Шымкент қаласында –78, Ақмола облысында –119, Ақтөбе облысында – 47, Алматы облысында – 101, Жетісу облысында – 129, Атырау облысында – 76, Шығыс Қазақстан облысында – 25, Абай облысында – 55, Жамбыл облысында – 121, Батыс Қазақстан облысында – 87, Қарағанды облысында – 327, Ұлытау облысында – 35, Қостанай облысында – 55, Қызылорда облысында – 63, Маңғыстау облысында – 36, Павлодар облысында – 67, Солтүстік Қазақстан облысында – 40, Түркістан облысында 22 адамнан анықталды.